Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық спортшылар Қытайда үздік нәтиже көрсетті

Солтүстікқазақстандық спортшылар Қытайда үздік нәтиже көрсетті

Ұлттық құрама мүшелері 1-4 мамыр аралығында Қытайдың Чжэнчжоу қаласында өткен Халықаралық Азия ойындарында үздік нәтиже көрсетті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды QZ Media.

Солтүстік Қазақстан облысы атынан 3 спортшы қатысты:

Лашина Полина (Ересектер)
Әбубәкірова Диана (Жастар)
Вопилова Александра (12 жасқа дейінгі жасөспірімдер)

Облысымыздан барған бишілер жалпы саны 6 бірінші орын, 4 екінші орын және 1 үшінші орын еншіледі.

Айта кету қажет, спорттық биден СҚО бойынша аға жаттықтырушы Александра Еремеева Қазақстан атынан төрешілер корпусына мүшелік етті.

Shares