Солтүстікқазақстандық теннисші ITF Juniors J30 халықаралық турнирінің финалисі атанды
Солтүстікқазақстандық Мадина Омарова Пәкістанның Исламабад қаласында өткен ITF Juniors J30 сериялы халықаралық теннис турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Бұл турнирде Қазақстаннан бөлек мына елдер сынға түсті: Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Ресей, Түркия, Шри-Ланка, Сингапур, Тайланд, Пәкістан.
Спортшымызды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі қатысты.
“Мадинаға турнирде әдемі, әсерлі және жарқын жеңіс тілейміз”, – деп жазды СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов өзінің Фейсбук парақшасында.