Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Солтүстікқазақстандық теннисші ITF Juniors J30 халықаралық турнирінің финалисі атанды

Солтүстікқазақстандық теннисші ITF Juniors J30 халықаралық турнирінің финалисі атанды

November 13, 2023 10:49

Солтүстікқазақстандық Мадина Омарова Пәкістанның Исламабад қаласында өткен ITF Juniors J30 сериялы халықаралық теннис турнирінің финалисі атанды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Бұл турнирде Қазақстаннан бөлек мына елдер сынға түсті: Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Ресей, Түркия, Шри-Ланка, Сингапур, Тайланд, Пәкістан.

Спортшымызды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшісі қатысты.

“Мадинаға турнирде әдемі, әсерлі және жарқын жеңіс тілейміз”, – деп жазды СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов өзінің Фейсбук парақшасында.

Shares