Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да “Ақшақар” қысқы спартакиадасының финалдық ойындары өтті

СҚО-да “Ақшақар” қысқы спартакиадасының финалдық ойындары өтті

Петропавл мен Бескөлде “Ақшақар” облыстық қысқы спартакиадасының финалдық ойындары өтті. Спорттық жарысты өткізу барысында 1300-ге жуық теріскейлік оқушы спорттың 10 түрі бойынша бақ сынасты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз шағын футболдан өткен жартылай финалда жеңіске жетіп, финалға шықтық. Қалалық командаға қарсы ойын болды. Оларды 3:1 есебімен жеңдік. Бұл нәтижеге өте қуаныштымыз”, – деді  Ғ. Мүсірепов ауданынан келген спартакиада қатысушысы Асқар Алмұхамбетов.

Жарыста үшінші орынды Есіл ауданының оқушылары мен М. Жұмабаев жастары иеленді. Екінші орын Қызылжар ауданының спортшыларына бұйырды. Ал спартакиаданың жеңімазы – петропавлдық команда.

“Бізде спартакиада жүлдегерлері, сондай-ақ үздік спортшылар үшін бағалы сыйлықтар бар. Оларға спорттық костюмдер, керек-жарақ пен сертификаттар тапсырдық. Алда оқушылар арасында “Жастар” жазғы спартакиадасы өтеді, соған дайындаламыз. Сонымен қатар, келесі жылғы республикалық қысқы гимназиядаға құрама құратын боламыз. Оған осы спартакиаданың жүлдегерлері, сондай – ақ келесі жылдың жеңімпаздары қатысады”, – шдеді облыстық дене шынықтыру, спорт және АӘД оқу-әдістемелік орталығының директоры Қанат Сәдуақас.

Shares