Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да қазақ күресі мен самбодан өткен жарыста 80 балуан бақ сынады

СҚО-да қазақ күресі мен самбодан өткен жарыста 80 балуан бақ сынады

Биыл Қажымұқан атындағы ұлттық спорт түрлерінің облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне – 20 жыл. Осыған орай фестиваль-жарыс ұйымдастырылды. Оған 80-ге жуық балуан қатысты. Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыс орталығына кейбір аудандардан қатысушылар келе алмады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Қазақ күресіне мені атам алып келді. Мен 7 жаста едім, бірден үйренісіп кеттім. Мұндай жарыстар маған өзімді көрсетуге, қарсыластарымның мүмкіндіктерін білуге көмектеседі”, – деді жарысқа қатысушы Аманғазы Дүзелбай.

Спорттық жарыста 2011 және 2012 жылдары туған балалар бақ сынады. Күннің бірінші жартысында – қазақ күресінен, ал екінші жартысында самбодан белдесулер өтті. Мықтыларға марапаттар табысталды.

“Қазіргі уақытта біздің өңірде күрес белсенді дамып келеді. Балалар тырысуда, жер-жерде өнер көрсетеді, нәтижеге жетеді. Біздің 4 бала құрамаға мүшелік етеді, олар Алматыға жиынға кетті”, – деді жарыстың бас төрешісі Асылхан Болатов.

 

Shares