Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » СҚО-да «Үздік спортшы-2023» атағына дауыс беру жүргізілуде

СҚО-да «Үздік спортшы-2023» атағына дауыс беру жүргізілуде

Спорт күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы 2023 жылдың үздік спортшысы атағына дауыс беру өткізуде, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Дауыс беру 7 санат бойынша жүргізілуде:

Паралимпиадалық спорт түрлері,

Сурдолимпиядалық спорт түрлері,

Жазғы Олимпиадалық спорт түрлері (ерлер)

Жазғы Олимпиадалық спорт түрлері (әйелдер)

Ұлттық спорт түрлері

Қысқы олимпиадалық спорт түрлері

Олимпиадалық емес спорт түрлері

Үздік спортшы атағы үміткерлеріне дауыс беру Instagram желісіндегі «ОРДО СҚО Олимпиадалық резервті даярлау орталығы СҚО» парақшасында жүргізілуде.

Дауыс беру келесідей тәртіппен өтеді – пайдаланушылар комментариге өздері дауыс беретін кандидаттың аты-жөнін жазуы керек. Бір парақшадан тек бір пікір білдіруге болады.

Дауыс беру 16 тамыз күні сағат 24:00-де тоқтайды.

Оның қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған кандидат 18 тамыз күні сағат 14:00-де Жастар сарайында өтетін спорт күнінде арналған мерекелік шарада ресми түрде марапатталады.

 

 

Shares