СҚО-ның үш спортшысы Норвегияда армрестлингтен өткен Әлем кубогында жүлде еншіледі
Норвегияның Лохтус қаласында армрестлингтен өткен Әлем кубогында Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен үш солтүстікқазақстандық спортшы жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
110 кг салмақ дәрежесінде Бимақанов Ильдар 2-ші және 3-ші орын иеленді (сол және оң қол). 90 кг салмақ дәрежесіне дейін Зинатулин Әділет 1-ші (оң қол) және 2-ші (сол қол) орын еншіледі. Ал Максим Пляскин 85 кг салмақ дәрежесіне дейін күміс жүлдегер атанды.
Жарысқа әлемнің 21-ші елінен барлығы 1243 спортшы қатысты.