Теріскейлік Сергей Болдырь классикалық жатып сығымдаудан Қазақстан Республикасының үш рекордын орнатты
8-11 наурыз аралығында Шымкент қаласында классикалық жатып сығымдау бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарыста Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Сергей Болдырь өз салмақ дәрежесінде чемпион атанып қана қоймай, Қазақстан Республикасының 3 бірдей рекордын орнатты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен спортшылар қатысты. Сергей Болдырь 2016 жылдан бастап пауэрлифтингпен айналысады. Спортшы атап өткендей, балалық және жасөспірім шағында грек-рим күресімен айналысқан және ҚР СШҮ болған.
Қазір ер адам пауэрлифтинг және классикалық жатып сығымдау бойынша ҚР спорт шебері. Спортшының чемпионатқа дайындалуына 3 ай уақыт кеткен.
“Әдетте алаңдамауға тырысамын. Бұл қасиет көп жылдық тәжірибемен келді. Қорқыныш әрқашан аздап болады. Мұндай сәтті өзіңді тыныштандырып, алдын ала құрған жоспарыңа сай әзірленесің”, – деді Сергей Болдырь.
Сергей атап өткендей, енді ол 23-28 қыркүйек аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында өтетін Азия чемпионатына дайындалады.
Пауэрлифтинг және классикалық жатып сығымдау бойынша республикалық және халықаралық жарыстарда біздің өңірдің атынан қатысып жүрген чемпиондар мен өзге толағайларға спорттық табыс тілейміз.