Петропавловск
+21°C
Главная страница » Спорт » Жамбыл ауданында су жаңа спорт кешені ашылды

Жамбыл ауданында су жаңа спорт кешені ашылды

Наурыз мейрамы аясында «Ұлттық спорт күні» аталып өтті. Облыс бойынша ұлттық спорт түрлерінен бірнеше жарыс болды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Наурыз мерекесі қарсаңында Пресновка ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Жамбыл ауданының тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен және наурыз мейрамымен құттықтады. Енді заманауи спорт кешенінде балалар мен ересектер жыл бойы түрлі спорт түрлерімен айналыса алады.

Жаңа спорт нысанында қазақ күресі, садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақтан сайыстар өтті.

“Ұлттық спортты жаңғырту – маңызды міндет”, – деп жазды аймақ басшысы.

Shares