Шалқар мен Имантау көлдерінің маңында жыл бойы жұмыс істейтін эко-қонақүйлер мен глэмпингтер салынады
Солтүстік Қазақстан облысында Имантау-Шалқар курорттық аймағындағы демалыс орындарын көбейту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Астанадағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Ғауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды QZ News тілшісі.
«Инвесторлар жыл бойы жұмыс істейтін эко -қонақ үйлер мен глэмпингтер салу бойынша 16 жобаны жүзеге асыруға кірісті. Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Шалқар және Имантау көлдерінде 2 судан құтқару бекетін саламыз. Курорттық аймақ ішіндегі жолдар ретке келтірілді. Лобаново ауылынан Ақмола облысының шекарасына дейін асфальт төселді», – деді Ғауез Нұрмұхамбетов брифинг барысында.
Бүгінгі таңда Имантау-Шалқар курорттық аймағының аумағында 3,9 мың демалушыны қабылдайтын 46 демалыс базасы бар. 9 нысан жыл бойы жұмыс істейді.