Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » 1 қыркүйекте қызмет көрсету саласы колледжінің 200-ден астам студенті жаңа жатақханаға орналасады

1 қыркүйекте қызмет көрсету саласы колледжінің 200-ден астам студенті жаңа жатақханаға орналасады

Өңірде 24 колледж бар, онда 11 134 студент оқиды, жастардың 3 250-і орта буын мамандары және жұмысшы кадрлар ретінде диплом алады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“World Skills республикалық ұлттық чемпионатының қорытындысы бойынша біздің студенттер 2 алтын, 1 қола және 8 медальон жеңіп алды. Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледждің және Солтүстік Қазақстан Жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің екі студенті Қазақстан құрамасының қатарына кіріп, халықаралық чемпионатта ел намысын қорғайтын болады”, – деді СҚО білім басқармасы басшысының м.а. Татьяна Протопопова.

Петропавлда барлық заманауи талаптарға сай келетін жаңа жатақхана салынды. Қазір онда су тасқынынан зардап шеккен Ойқала, Заречный және Былғары зауыты шағын аудандарының тұрғындары тұрады. Бірақ, жайлы қонысқа 1 қыркүйектен бастап Ескендір Даутов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің 200-ден астам студенті орналасады.

Shares