Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Әскери прокуратура: Петропавлда сержанттың қаза болу фактісі бойынша тергеу басталды

Әскери прокуратура: Петропавлда сержанттың қаза болу фактісі бойынша тергеу басталды

Петропавлда әскери қызметші әріптесі кездейсоқ атқан оқтан қаза тапты. Оқиға 12 қараша, жексенбіде болды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 462-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

462-бап 2-бөлігі – “Абайсызда өлімге әкеп соқтырған қарумен жұмыс істеу ережелерін бұзу”. Мұндай немқұрайлылық үшін өлтірілген адамның әріптесіне бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

“Жарақат алған адам шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді, алайда әскери қызметшіні құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде, сараптама тағайындалды. Тергеу барысын Петропавл гарнизонының әскери прокуратурасы бақылайды”, – деп атап өтті әскери прокуратура өкілі.

Ratel.kz хабарлағандай, сержант СҚО ҰҚКД қызметкерлерімен бірге басып алуға шыққан кезде жарақат алған. Оқты абайсызда “Бүркіттің” тағы бірі жауынгері, әріптесі атқан.

 

Shares