2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күні

Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » СҚО-да ТЖД қызметкерлері өрттен екі адамды құтқарып қалды

СҚО-да ТЖД қызметкерлері өрттен екі адамды құтқарып қалды

April 23, 2025 08:30

«101» байланыс пультіне куәгер қоңырау шалып, жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлаған. Оқиға Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье ауылында орын алды, деп хабарлайды QZ News.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер өрт үйдің кіреберісінен шыққанын анықтады. Үй ішінде түтіннің салдарынан сыртқа шыға алмай қалған адамдар болған.

«Өрт сөндірушілер үйге кіріп, екі ер адамды сыртқа алып шықты. Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмады. Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлайды СҚО ТЖД.

Shares