Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алкогольдік масаң күйдегі әйел тәртіп сақшыларының талаптарын елемеген

Алкогольдік масаң күйдегі әйел тәртіп сақшыларының талаптарын елемеген

Петропавлдық полицейлер қала орталығында алкогольдік масаң күйінде итін серуендеткен әйелді анықтады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Қызмет атқару барысында мамандар Қазақстан Конституциясы мен Горький көшелерінің қиылысында итті серуендетіп жүрген үш әйелді байқап қалады. Стаффордширлік терьердің тұмсығында тұмылдырығы тағулы болған әрі әйел ұзын мойын жіппен жетектеп жүрген. Алайда, полиция қызметкері иттің иесі мас күйде екені байқаған. Тексеру барысында екі әйел полицейлердің заңды талабына бағынбапты. Нәтижесінде 1984 және 1988 жылы туған әйелдер медициналық куәландыруға жеткізілді. Оның нәтижесінде әйелдердің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.

СҚО ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері итті уақытша орталықтағы торға орналастырды. Әйелдер полиция бөліміне жеткізілді. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылды. Процесстік шешім қабылдау үшін жиналған материалдар сот органдарының қарауына жіберілді. Кейін мастығы тараған иесі итін алып кетті.

“Жыл басынан Петропавл қаласында жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 400-ден астам адам жауапкершілікке тартылған. Апта сайын учаскелік полиция инспекторлары қаланың әр бөлігінде тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрады. Нақты құқық бұзушылық орын алған жағдайда хаттама толтыруға мәжбүр болады. Иттер мен мысықтарды бағып-қағу және серуендету қағидаларын бұзудың алдын алу, тазалық пен абаттандыруды сақтау жөніндегі профилактикалық жұмыстар жалғасуда», – дейді СҚО ПД.

 

Shares