Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Алматылық дәрігерлерден тұратын мобильді топ Тайынша ауданына келді

Алматылық дәрігерлерден тұратын мобильді топ Тайынша ауданына келді

26 сәуір күні Тайынша ауданына қарасты Рощинское және Макашевка ауылдарына Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медициналық университетінің дәрігерлерімен жылжымалы медициналық кешен келді. Апта бойы олар өңірдегі су басқан ауылдардың тұрғындарына көмек көрсетті, дүйсенбіде Петропавл тұрғындарымен жұмыс істеді, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Университет басшылығының бастамасымен оңтүстік астанада Денсаулық сақтау және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімі бойынша дәрігерлердің мобильді тобының бригадасы жедел құрылды. Оның құрамына: хирург, онколог, көз дәрігері, терапевт, рентгенолог, ультрадыбыстық маман кірді.

“Халық өте белсенді келіп жатыр, әр кабинеттің жанында медициналық көмекті алғысы келетін бірнеше адам тұр. Әріптестер уақыттың аздығына байланысты ауданымыздың екі ауылында бір күн жұмыс істейді, әрі қарай Ақмола облысына барады. Келесі аптадан бастап біз өз күшімізбен ауданымыздың су басқан ауылдарын аралайтын осындай топты ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз”, – деді Тайынша көпсалалы ауданаралық ауруханасының директоры Мақсат Құдратуллаев.

Shares