“AMANAT” партиясы СҚОФ мүшелері Петропавлдағы сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тексерді
“AMANAT” партиясы СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавлдағы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді. Бұл жолы партиялықтар “Северный” супермаркетіне барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Партиялықтар сауда нүктелерін апта сайын тексереді. Мақсат – тұрақтандыру қорынан жеткізілетін өнімдердің бағасы 15 пайыздық үстемеақыдан аспайтынына көз жеткізу.
Сондай-ақ, дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізіледі. Шара барысында бағаның қаншалықты тұрақты әрі дәрі-дәрмектің қолжетімді екені назарға алынады.