Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » “AMANAT” партиясы СҚОФ мүшелері Петропавлдағы сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тексерді

“AMANAT” партиясы СҚОФ мүшелері Петропавлдағы сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тексерді

“AMANAT” партиясы СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавлдағы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді. Бұл жолы партиялықтар “Северный” супермаркетіне барды, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Партиялықтар сауда нүктелерін апта сайын тексереді. Мақсат – тұрақтандыру қорынан жеткізілетін өнімдердің бағасы 15 пайыздық үстемеақыдан аспайтынына көз жеткізу.

Сондай-ақ, дәріханаларда дәрі-дәрмек бағасына мониторинг жүргізіледі. Шара барысында бағаның қаншалықты тұрақты әрі дәрі-дәрмектің қолжетімді екені назарға алынады.

Shares