«AMANAT» партиясының өкілдері «Долголетие» орталығындағы қарттардың жағдайымен танысты
«AMANAT» партиясының өкілдері Петропавлдағы «Долголетие» зейнеткерлерге арналған демалыс орталығына барып, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарттардың жағдайымен танысты. Олар орталықтың негізін қалаушы және басшысы Лилия Даниленкомен кездесіп, алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды QZ News.
Зейнеткерлер орталықта таңғы 9-дан кешкі 18:00-ге дейін уақыттарын өткізеді. Мұнда күніне үш мезгіл тамақ беріледі, арнайы маманның жетекшілігімен күнделікті дене шынықтыру жаттығулары өткізіледі. Сондай-ақ, орталықта қарттардың қол моторикасын дамытуға ерекше көңіл бөлінеді, ал музыка сүйер жандар үшін вокалдық ансамбль жұмыс істейді.
Дәл осы күні орталықтың бір тұрғыны туған күнін атап өтті, және барлық қатысушылар оны құттықтады.
«Біз үшін қарт адамдардың өмірін жайлы әрі қуанышты ететін осындай бастамаларды қолдау маңызды. Келешекте орталықтың қажетті көмекті алуы үшін ынтымақтастығымызды жалғастыруға уағдаластық», – деді «AMANAT» партиясының СҚОФ өкілі Гүлнар Халықова.
Ынтымақтастықтың алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Ертең «Долголетие» орталығына «Жастар Рухы» белсенділері келіп, қарттарға арналған серуендеу алаңын қардан тазартпақ.