Бітелген мұржа Петропавлда өртке себеп бола жаздады
Петропавл қаласындағы Тепловозная көшесінде жеке тұрғын үйде мұржаның бітелуінен түтін үй ішіне тараған, деп хабарлайды QZ News СҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі – жылыту пешін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы, нақтырақ айтқанда, мұржа бітеліп қалған.
«Еске саламыз – мұржаны күйе мен басқа да ластанудан тексеріп, тазартып отырыңыз. Пеш мұржасында жарықтар мен зақымданулардың болуына жол бермеңіз. Жанып тұрған пешті қараусыз қалдырмаңыз», – деп хабарлады СҚО ТЖД.