«Бұл біз емес!»: «Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ телефон арқылы алдаудың жаңа түрлері туралы ескертеді
«Солтүстік Қазақстан ЭЖТК» АҚ Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарын сақ болуға шақырады! Алаяқтардың компания қызметкері ретінде өзін таныстырып, сіздің банк деректеріңізді немесе басқа да құпия ақпаратты алуға тырысатын жағдайлар тіркелді, деп хабарлайды QZ News.
«Олар сізге қоңырау шалып, электр энергиясын есептеу құралдарындағы жалған ақаулар немесе шұғыл жұмыс жүргізу қажеттігі туралы хабарлауы мүмкін. Кейін түрлі сылтаумен, мысалы, айыппұл салынады деп қорқытып, SMS-кодтарды, құпиясөздерді немесе банк картасының деректерін айтуыңызды талап етеді. Біздің қызметкерлер мұндай ақпаратты телефон арқылы ешқашан сұрамайды. Айыппұлдар немесе өзге де шаралар туралы барлық ресми хабарламалар жазбаша түрде жіберіледі», – делінген компания хабарламасында.
Компания тұрғындарға ақпараттың рас-өтірігін тексеру үшін ресми Байланыс орталығына 8 7152 500 666 нөмірі арқылы қоңырау шалуды ескертеді.