Еңбек мамандықтарын меңгерген СҚО әйелдері марапатқа ие болды
Өңірде Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиын өтті, солтүстікқазақстандық әйелдерді көктемнің шуақты мерекесімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы Президенттің атынан еліміз бен өңіріміздің дамуына айрықша үлес қосқаны үшін мемлекеттік наградалар мен құттықтау хаттарды табыс етті, деп хабарлайды QZ News.
Сондай-ақ құрмет грамоталары мен алғыс хаттар ауыл еңбеккерлеріне, құрылысшыларға, кәсіпкерлерге және инженерлерге табыс етілді. Айтып кеткен жөн, марапатқа ие болғандардың арасында еңбек мамандықтарының өкілдері көп болды, олар өздерінің тынымсыз еңбегі мен жоғары кәсібилігімен экономиканың дамуына елеулі үлес қосуда. Көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыс етілді, бұл ана еңбегіне деген құрметтің белгісі.
“Барлық әйелдерге олардың адал еңбегі мен еліміздің болашағына деген қамқорлығы үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мереке күні барша отбасыларға бақыт, амандық пенырыс тілеймін!”, – деді өңір басшысы.