Ербол Хамитов Kozybayev University-де оқу грантын алды
Kozybayev University қабырғасында Наурыз мерекесі аясында даңқты спортшы Ербол ХамитовБұл туралы университеттің Басқарма төрағасы – ректор Ербол Исақаев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды QZ News.
Ербол Хамитов – Педагогика факультетінде “Дене шынықтыру және спорт” мамандығы бойынша білім алатын студент. Ол үлкен спорт пен оқуды қатар алып жүріп, парабиатлон және парашаңғы жарысы бойынша халықаралық аренада Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғап жүр.
«Биыл Ербол Хамитов отандық спорт тарихында жаңа белес шықты! Ол – парабиатлоннан Әлем кубогының және Үлкен хрусталь глобустың иегері атанған тұңғыш қазақстандық! Бұл – Қазақстанның қысқы спорт түрлері үшін сирек кездесетін әрі маңызды жетістік. Университет Ерболдың оқуын тегін жалғастыру туралы шешім қабылдады. Салтанатты жиында оған оқу гранты табысталды. Ол Қазақстанның, СҚО-ның және университеттің абыройын асқақтатты. Еліміздің намысын жоғары деңгейдегі жарыстарда лайықты қорғады. Оның жеңісі – қазақстандық спорт үшін зор қадам! Ерболды шын жүректен құттықтаймыз! Біз мақтанамыз! Жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!», – деп жазды Ербол Исақаев.