Петропавловск
+17°C
Главная страница » Жаңалықтар » Есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін петропавлдық азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін петропавлдық азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды

Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты азамат Б.-ны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-1-бабының 1-бөлігі бойынша – дәрігердің тағайындауынсыз есірткі заттарын медициналық емес мақсатта қолданғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жөнінде кінәлі деп таныды, деп хабарлайды QZ News.

Істі қарау барысында 2025 жылдың 29 сәуірінде облыс орталығының тұрғыны есірткі заттарын қолданды деген күдікпен полиция қызметкерлері тарапынан ұсталғаны анықталды.

«Есірткі қолдану фактісі медициналық куәландыру арқылы расталды. Сот істің материалдарын қарап, Б.-ны кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Қаулы дереу заңды күшіне енді», – деп хабарлады Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты.

Shares