Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «Green Park» демалыс орталығындағы жаға ұстатарлық жағдай

«Green Park» демалыс орталығындағы жаға ұстатарлық жағдай

«Шұғыл, барлығыңыз назар аударыңыз! Green Park ойын-сауық кешенінде нағыз қатыгездік болып жатыр! Мұнда иттер өлуде. Бұл жағдайға көз жұмуға болмайды! Әрқайсыңыздан төрт аяқты достарымыздың өмірі мен денсаулығы үшін күресуді сұраймыз!», – деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«Green park» элиталық отбасылық саябақ-қонақ үйі теріскейліктер арасында өте танымал. Мұндағы үй жануарлары орналасқан бұрыш көпшілікті қызықтырады. Алайда, желі қолданушыларының айтуынша, бұл жерде оларға мүлдем көңіл бөлінбейді. Салдарынан кейбір иттер өлгелі жатыр. Бұл жай ғана апат емес, бұл – жанжал және барлық этика мен заңдарды бұзу! Жомарт солтүстікқазақстандықтар осылай ашуға мінуде.

«Біз жауаптылардың дереу араласуын талап етеміз! Тергеуді және кінәлілерді жазалауды сұраймыз! Біз әр адамға өтініш білдіргіміз келеді – бұл ақпаратты таратыңыз, осы мәселенің айналасында шу көтеріңіз! Біз өзгеріс жасай аламыз. Тек біріксек қана ойланымыз жүзеге асады. Осы жазбамен бөлісіңіз, хэштегтерді пайдаланыңыз, органдармен және қоғамдық ұйымдармен байланысыңыз! Жануарлардың өмірін сақтап, осы сұмдық жайт орын алып жатқанда шетте қалмайтынымызды көрсетейік!»,- деп желі қолданушылары үн қатуда.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспектор Мұхамедзянова 17 тамызда орталықтың аумағына баруды жоспарлап отыр.

«Тексерістің нәтижесі бойынша жануарларға иелік ететін жандарға құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады уәкілетті орган.

Айта кетейік, бір тәулік ішінде демалыс орны басшылығы бұл сұмдық жағдайға қатысты пікір білдірмеді.

 

 

Shares