Хоккей ойынынан кейін бейәдеп сөз айтқан солтүстікқазақстандық 80 000 теңгеге жуық айыппұл арқалады
Уәлиханов аудандық соты хоккей ойынынан кейін бейәдеп сөздер айтып, ұсақ бұзақылық жасаған солтүстікқазақстандыққа қатысты істі қарады, деп хабарлайды QZ News.
Сот анықтағандай, 2025 жылғы 23 ақпанда сағат 13:00 шамасында азамат К. «Батыр» мұз айдынында өткен хоккей ойыны аяқталғаннан кейін ойын алаңынан шыққан кезде айналасындағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзып, бейәдеп сөздер айтқан.
«Әкімшілік жауапкершілікке тартылған азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді. Аудандық соттың қаулысымен азамат К. ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, бұл 78 640 (жетпіс сегіз мың алты жүз қырық) теңгені құрайды», – делінген Уәлиханов аудандық сотының хабарламасында.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.