Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Kozybayev University Өзбекстанда білім беру мүмкіндіктерін таныстырды

Kozybayev University Өзбекстанда білім беру мүмкіндіктерін таныстырды

Мамыр айының басында Kozybayev University өкілдері Өзбекстанда өткен «Қазақстандық ЖОО-лардың білім көрмесі» атты кәсіби бағдар беру миссиясына белсене қатысты. Ауқымды шара барысында Қазақстанның 15-тен астам жоғары оқу орны өздерінің білім беру бағдарламаларын ұсынды, деп хабарлайды QZ News.

Көрмені ұйымдастырушылар – «Отандастар» қоры, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі, Қазақ ұлттық мәдени орталығы және жергілікті атқарушы органдар.

Kozybayev University өкілдері бірқатар кездесулер өткізіп, мектеп түлектерін университет жүзеге асырып отырған білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Әсіресе шетелде тұратын этникалық қазақтарға арналған мемлекеттік білім беру квоталары жайлы ақпаратқа баса назар аударылды.

Көрмелер Өзбекстанның бірнеше қалаларында – Чирчик, Зарафшан, Кенимех және ауылдық округтерде өтті. Жалпы алғанда, іс-шаралар 94 қазақ мектебінен келген 5400-ден астам оқушыны қамтыды. Кәсіби бағдар аясында талапкерлер мен олардың ата-аналарына 200-ден астам жеке кеңес берілді.

Shares