Наурыз мерекелерінде ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қалай жұмыс істейді
Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лардың Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесі кезіндегі жұмыс кестесі туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлімдеді, деп хабарлайды QZ News.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 8-10 наурыз және 21-25 наурыз – ресми демалыс күндері.
«8-9 наурыз, сенбі және жексенбі күндері ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді. 10 наурыз, дүйсенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді», – делінген хабарламада.
Наурыз мерекесін тойлау кезінде, 21, 22, 23 және 24 наурызда, ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істемейді. Ал 25 наурыз, сейсенбі – кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні. Бұл күні азаматтарды қабылдау 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
«Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың жаңартылған тізімін мемлекеттік корпорацияның ресми Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады», – деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы.