Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Облыста «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығу жинағы аяқталды

Облыста «Бекет-2023» ведомствоаралық оқу-жаттығу жинағы аяқталды

М.Жұмабаев ауданы Булаево қаласында «Бекет-2023» ведомствоаралық кешенді оқу-жаттығу жиынының негізгі кезеңі аяқталды. Оған әскери борышқа міндеттелген 2 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Оқу-жаттығудың соңғы күні әскерилердің алдында қарулы топ алмақ болған стратегиялық маңызды нысанды қорғау міндеті тұрды. Жеке құрамның келісілген және жедел әрекетінің арқасында нысан қорғалды.

30 тамыз бен 9 қыркүйек аралығында М.Жұмабаев ауданында әскери қызметшілермен кездесу өтті. Мұнда олар арнайы тактикалық және атыс дайындықтарынан өтті. Сондай-ақ, дене шынықтыру және жаттығу сабақтары ұйымдастырылды», – деп атап өтті запастағы офицер Жанан Мұрзатаев

Жиын соңында бірқатар жан алғыс хаттармен марапатталды.

 

Shares