Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Оқу жылы қарсаңында облыста апатты мектептердің орнына 2 жаңа мектеп ашылды.

Оқу жылы қарсаңында облыста апатты мектептердің орнына 2 жаңа мектеп ашылды.

Тайынша қаласында 600 орындық заманауи мектеп салынды. Ескі ғимарат апатты жағдайда еді. Енді аудан орталығының балалары кең, әрі жайлы мектепте оқитын болады, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Сондай-ақ, жаңа мектептің салынуын Вишневка ауылының тұрғындары да асыға күтті. Ондағы оқу ұясы 120 орынға шақталған. Заманауи үлгідегі мектепте ауыл балалары мен ұстаздарға қолайлы жағдай жасалған. Жаңа білім беру нысандарының ашылуы облыстағы апатты мектептердің санын азайтуға мүмкіндік берді.

«Тайыншы ауданындағы Драгомировка ауылында 120 орындық мектеп салу жоспарлануда. Облыста 3,7 мың орындық 7 мектеп салынады. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Петропавлда 4 мектеп саламыз», – деді аймақ басшысы Айдарбек Сапаров.

Shares