Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » «ПАМЖЗ» АҚ оқушылардың керек-жарағына 1,3 млн теңге бөлді

«ПАМЖЗ» АҚ оқушылардың керек-жарағына 1,3 млн теңге бөлді

Оқу жылы қарсаңында «ПАМЖЗ» АҚ қызметкерлердің балаларына оқу құралдары мен кеңсе тауарларын алуға 1,3 млн теңге материалдық көмек бөлді, деп хабарлайды QZ MEDIA тілшісі.

Көмек мүгедек балалары бар отбасыларға, толық емес және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ балалары алғаш рет мектепке баратын отбасыларға көрсетіледі.

Баспасөз қызметі әр отбасыға 38 000 теңгеден берілетінін атап өтті. Сома банктік шотқа жіберіледі.

 

 

 

Shares