Павлодар тұрғындары Петропавлға 60 тонна гумкөмек жіберді
18 сәуір күні таңертең Павлодардан Петропавлға 60 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Жергілікті еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері аса қажет тауарларды көліктерден түсіруге көмектесті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
“Біз азық-түлік, құрал-жабдықтар, тұрмыстық химия әкелдік. Жиынға шағын, орта бизнес өкілдері, жастар ұйымдары, ҚХА, университеттер, мәслихат депутаттары және Павлодар қаласының жомарт тұрғындары қатысты”, – деді Павлодар қаласының “Birgemiz” волонтерлік бөлімінің басшысы Айжан Қали.
Су тасқынынан зардап шеккен адамдар жастар ресурстық орталығына, Достық үйіне немесе қалалық мәдениет үйіне барып, қажетті гуманитарлық көмекті ала алады.