Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Павлодар тұрғындары Петропавлға 60 тонна гумкөмек жіберді

Павлодар тұрғындары Петропавлға 60 тонна гумкөмек жіберді

April 18, 2024 15:41

18 сәуір күні таңертең Павлодардан Петропавлға 60 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Жергілікті еріктілер мен қоғамдық бірлестіктердің мүшелері аса қажет тауарларды көліктерден түсіруге көмектесті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Біз азық-түлік, құрал-жабдықтар, тұрмыстық химия әкелдік. Жиынға шағын, орта бизнес өкілдері, жастар ұйымдары, ҚХА, университеттер, мәслихат депутаттары және Павлодар қаласының жомарт тұрғындары қатысты”, – деді Павлодар қаласының “Birgemiz” волонтерлік бөлімінің басшысы Айжан Қали.

Су тасқынынан зардап шеккен адамдар жастар ресурстық орталығына, Достық үйіне немесе қалалық мәдениет үйіне барып, қажетті гуманитарлық көмекті ала алады.

Shares