Петропавл қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қала әкімі Серік Мұхамедиевтің өкімімен Петропавл қаласы әкімінің құрылыс және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары болып Мұстафин Ержан Алпысбайұлы тағайындалды, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.
Ержан Алпысбайұлы 1984 жылы 13 қаңтарда СҚО Есіл ауданы Жарғайың ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2007 жылы Петропавл қаласының Ішкі істер органдарында бастаған. 2010-2023 жылдар аралығында Есіл ауданы әкімінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды.
Осы тағайындауға дейін СҚО, Есіл ауданы әкімінің экономика және жедел мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінде болды.