Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавл құтқарушылары қала тұрғындарына жеке тұрғын үйлерден суды сору жұмыстары бойынша көмек көрсетуде

Петропавл құтқарушылары қала тұрғындарына жеке тұрғын үйлерден суды сору жұмыстары бойынша көмек көрсетуде

Петропавлда толастамай тұрған жауын-шашын мен жер асты сулары деңгейінің көтерілуіне байланысты құтқарушылар қала тұрғындарына көмек көрсетуде, деп хабарлайды QZ News.

Атап айтқанда, Қопай көшесінде жедел-құтқару жасағының мамандары жеке тұрғын үй аумағынан суды сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мамандар қолайсыз ауа райының салдарын жою және толассыз жауын-шашыннан келген шығынды азайту үшін бар күшін салуда. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.

Shares