Петропавл тұрғындарына Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшілері нағыз әскери қарақұмық ботқасын ұсынды
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы Аналар кеңесімен жасалған меморандум аясында «Ақ орамал» акциясын өткізді. Іс-шара Алғыс айту күніне орайластырылды, деп хабарлайды QZ News.
Басты мақсат – жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және әскерге деген сенімді нығайту.
«Іс-шара барысында қала тұрғындары әскери бауырластық пен қайсарлықтың символына айналған нағыз әскери қарақұмық ботқасын татуға мүмкіндік алды. Ұлттық ұлан Академиясының әскери қызметшілері ботқаны өз қолдарымен таратып, бірлік пен қонақжайлық атмосферасына бөледі. Жастар әскери қызмет дәстүрлерімен қызыға танысып, белсенді түрде қатысып, әскер мәдениетін жақынырақ білу мүмкіндігі үшін алғыс білдірді», – деп хабарлады ҚР Ұлттық ұланы Академиясының баспасөз қызметі.