Петропавлда №6 жылу магистралін жөндеу жұмысиары: 2 маусымға дейін ыстық су қайта беріледі
«Петропавл жылу желілері» ЖШС қызметкерлері гидравликалық беріктік және тығыздық сынақтары кезінде №6 жылу магистралінде анықталған технологиялық ақауды жою үстінде, деп хабарлайды QZ news “Севказэнерго” АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылу магистралінің бұл бөлігіндегі құбыр диаметрі – 500 мм. Желі бойындағы 6 метрлік учаске ауыстырылмақ.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін ыстық су келесі нысандарға қайта беріледі:
32 көпқабатты тұрғын үйге
4 әлеуметтік нысанға
1 заңды тұлғаға
Жөндеу жұмыстарын 2 маусымға дейін аяқтау жоспарланып отыр.