Петропавлда ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
SKO hub аймақтық IT-хабында «Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы хабардарлықты арттыру» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Іс-шараны облыс әкімінің аппараты «ASTEL» АҚ компаниясының қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.
Семинарға қатысушыларға алғашқы құттықтау сөзін облыс әкімдігі Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы жолдады. Іс- шара барысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері киберқауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша баяндамалар жасады.
Семинарға мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің, сондай-ақ қала кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Іс-шара өңір ұйымдарында цифрлық сауаттылықты арттыру мен ақпараттық қауіпсіздік шараларын нығайтуға бағытталған.
Семинар-тренинг аясында білім беру бөлімінің негізгі серіктесі ретінде «ASTEL» АҚ компаниясы болды. Компанияның Ақпараттық қауіпсіздік орталығының (ОЦИБ) сарапшылары ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлер, әлеуметтік инженерия әдістері туралы кеңінен айтып, ақпаратты қорғауға қатысты қолданбалы ұсыныстар берді. Сонымен қатар, «ASTEL» АҚ кәсіпорындар мен мемлекеттік құрылымдарды тиімді қорғауға арналған ақпараттық қауіпсіздік өнімдерін таныстырды.