Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Бірлік» шағын ауданында ашық түрдегі жауын-шашын суын бұру жүйесін салу үшін ЖСҚ әзірленуде

Петропавлда «Бірлік» шағын ауданында ашық түрдегі жауын-шашын суын бұру жүйесін салу үшін ЖСҚ әзірленуде

Коммуналдық қызметтер маусым басталғалы бері 600 мың текше метрден астам қар шығарды. Қала әкімі Серік Мұхамедиев тұрғындармен кездесуде басты міндет – еріген судан көп зардап шегетін аудандардан қарды уақтылы шығару екенін атап өтті. Мұндай аудандардың қатарына Жұмысшы кенті және Береке шағын ауданы кіреді, деп хабарлайды QZ News.

«Биыл қар көп. Тұрғындар өз аулаларын тазалап, қарды жол бойына үйіп қоюы қажет. Коммуналдық қызметтер оны шығарып береді. Жеке секторда қарт адамдар көп тұрады, оларға да көмек көрсетеміз. Қазір мұқтаж жандардың аулаларында сенбіліктер өткізіле бастады», – деді әкім.

Қатар жүргізіліп жатқан тағы бір жұмыс – жауын-шашын суын бұру жүйелерін тазарту. Бұл жұмысқа 100-ден астам техника жұмылдырылған. Қазіргі таңда 40%-ы орындалды.

«Қаламыздағы жауын-шашын суын бұру жүйесінің жалпы ұзындығы – 235 км. Оның ішінде 116 км – ашық жүйе, 119 км – жабық жүйе. Соңғы жылдары 40 км жаңа жүйе салынды. 2024 жылы «Бірлік» және «Ойқала» шағын аудандарында су бұру арналарын орнату жұмыстары жүргізілді. Қала көшелерінде 22 км-ге жуық жаңғырту жұмыстары, жаңадан арықтар мен көлденең құбырлар төсеу жұмыстары атқарылды.

Қазіргі уақытта «Бірлік» шағын ауданында ашық түрдегі жол жиегімен ағатын су бұру жүйесін салу үшін жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ) әзірленуде. Сонымен қатар алты жоба бойынша су бұру жүйелерін салу және қайта құру жоспары дайындалды. Бюджеттік өтінім әзірленіп, қарастыруға жіберілді», – деді Серік Мұхамедиев.

Shares