Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда бизнес-идеяларды іске асыруға 60 мемлекеттік грант қарастырылған

Петропавлда бизнес-идеяларды іске асыруға 60 мемлекеттік грант қарастырылған

2024 жылы 5 750 адамды жұмысқа орналастыру және 2 667 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұл туралы қала әкімі Серік Мұхамедиев облыс әкімінің есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

“Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін басым бағыттардың бірі жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 400 АЕК немесе 1 380 000 теңге мөлшерінде мемлекеттік гранттар беру болып табылады (мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар баланы күтушілер, АӘК алушылар, көпбалалы отбасылар, қоныс аударушылар мен қандастар). 2024 жылы 60 адамға мемлекеттік гранттар беру көзделген”, – деді шаһар әкімі.

Қала басшысы әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен 12 000-ға жуық адамды қамту жоспарланып отырғанын айтты. 2024 жылы әлеуметтік көмек көрсетуге арналған бюджет қаражаты 2023 жылғы бюджеттен 1,7 есе артық болмақ.

 

Shares