Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда демалыс күндері су болмайды

Петропавлда демалыс күндері су болмайды

«Қызылжар су» ЖШС петропавлдықтарға су беру уақытша тоқтатылатындығын жеткізді. Бұл желілерді профилактикалық жуып-шаюға байланысты, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

«9 қыркүйек сағат 00:00-ден 10 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін су құбыры желілерін жуу және зарарсыздандыру жөніндегі профилактикалық жұмыстарға байланысты Петропавл қаласында су беру тоқтатылады. Белгіленген мерзімге қажетті көлемде су жинауды сұраймыз. Желілерді профилактикалық жуу кезеңінде ауызсу мен тамақ дайындау үшін ағынды суды немесе құдық суын пайдалануға тыйым салынады!»,- деп хабарламада жазылды.

 

Shares