Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда электр жылытқышының салдарынан жеке үйде өрт болды

Петропавлда электр жылытқышының салдарынан жеке үйде өрт болды

Петропавл қаласында Л.Чайкин көшесі, 128 мекенжайында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан жиһаз бен жеке заттар бүлініп, үйдің іші күйемен ластанды, деп хабарлайды QZ News Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД-ға сілтеме жасап.

Өрттің шығу себебі- қараусыз қалған электр жылытқыш құралы.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп (өрт сөндіру бөлімінен 7 км қашықтықта), өртті дер кезінде оқшаулап, толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Shares