Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда емделушілер дәрігерлерді қалай бағалайды?

Петропавлда емделушілер дәрігерлерді қалай бағалайды?

№1 қалалық емханада халықтың медицина қызметкерлеріне қарым-қатынасы талқыланды. Үздік тәжірибелер орталығының жобасы аясында «№1 қалалық емхана» ШЖҚ КМК-да Денсаулық сақтау қоғамдық сенім комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Емхана директоры Николай Новиков сөз сөйлеп, халық тарапынан медициналық персоналға деген қарым-қатынастың айтарлықтай нашарлағанын мәлімдеді. Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі заңнамалық база жұмыс істемейді. Нәтиже – кадр тапшылығы.

Комитет мүшесі Мишин А.И. «Дәрігер және пациент» пилоттық қарым-қатынас процесі мәселесі бойынша ҚР Мәжілісінің депутаттарымен кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Бұрын халықтың полиция қызметкерлеріне деген осындай көзқарасы болған. Ал қазір айтарлықтай оң өзгеріс байқалады.

“Пациент пен медицина қызметкерінің көзқарасы екі жақты болуы керек. Дәрігер мәртебесін көтеру процесін бастау керек”, – деді қалалық мәслихат депутаты Зәкіржан Мамлютов.

Кездесуден кейін жиналғандар ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Дмитрий Колода мен Еркебұлан Мәмбетовке хабарласқан. Халық қалаулылары арнайы келіп, дәрігер мәртебесін көтеру тетіктерін әзірлеу мәселесін талқылауға дайын екендерін айтқан.

 

 

Shares