Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда “Надежда” қарттар үйінің әйел-қонақтарына арналған мерекелік концерт дайындалды

Петропавлда “Надежда” қарттар үйінің әйел-қонақтарына арналған мерекелік концерт дайындалды

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «AMANAT» партиясының өкілдері «Надежда» қарттар үйінде тұратын әжелерді мерекемен құттықтап, концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды QZ News.

Керемет атмосфера, жүрекке жылы тиер әндер мен шын жүректен шыққан құттықтаулар. Бұл – әжелер үшін күтпегентосын сый болды.

Концерттік бағдарламаны Е.Серкебаев атындағы өнер колледжінің студенттері дайындап өткізді. Жас өнерпаздар өткен жылдардың сүйікті әндерін орындады.

«Бұл мереке – біздің ардақты аналарымызға олардың біз үшін қаншалықты қымбат екенін тағы да бір мәрте еске салудың бір мүмкіндігі. Біз оларға қуаныш пен жылулықты сыйлағымыз келді. Біздің басты мақсатымыз – аға буынды ұмытпайтынымызды, қадірлейтінімізді және құрметтейтінімізді көрсету», – деді «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель.

Shares