Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда НЗМ түлектері мектеп қызметкерлеріне гүл, шоколад және мерекелік бағдарлама сыйлап, алғыстарын білдірді

Петропавлда НЗМ түлектері мектеп қызметкерлеріне гүл, шоколад және мерекелік бағдарлама сыйлап, алғыстарын білдірді

Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ақ раушан гүлдер» іс-шарасы өтті. Ізгі дәстүр бойынша 12-сынып түлектері мектеп қызметкерлеріне – медицина қызметкерлеріне, техникалық персоналға, аспазшыларға және ІТ-қызметкерлерге – олардың еңбегі мен қолдауы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды QZ News.

НЗМ баспасөз орталығының мәліметінше, оқушылар мектеп қызметкерлеріне арнап жарқын әрі көңілді концерт ұйымдастырды. Ризашылық белгісі ретінде олар гүл мен шоколад сыйлап, мектеп өмірінің жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін күн сайын аянбай еңбек ететін жандарға құрмет көрсетті.

«Бұл іс-шара – мектеп қауымдастығындағы өзара құрмет пен алғыстың маңыздылығын айқындайтын тамаша дәстүр», – делінген хабарламада.

Shares