Петропавлда қоғамдық көлікте басқа біреудің жеңілдік картасы бойынша қатынау фактілері жиілеп кетті
Облыс орталығының әкімдігі Петропавлда қоғамдық көлікте басқа біреудің жеңілдік картасы бойынша қатынау фактілері жиілеп кеткенін хабарлайды, деп мәлімдейді QZ media тілшісі.
“Естеріңізге сала кетейік, мұндай жағдайда автобус кондукторы немесе жүргізушісі мән-жайларды анықтау үшін картаны алып қоюға құқылы. Осыған байланысты, қала тұрғындарынан жол ақысын адал төлеуді сұраймыз”, – деп хабарлады қала әкімдігі.