Петропавлда СҚУ колледжінің 15 студенті Жоғары құрылыс-экономикалық колледжіне ауысты
Жақында Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде басқа оқу орындарынан, соның ішінде СҚУ колледжінен ауысқысы келетін студенттер үшін басшылықпен кездесу және экскурсия өтті, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.
Экскурсияда ЖҚЭК өкілдері болашақ студенттерге колледждің инфрақұрылымын айтып, достық пен қолдау атмосферасын сезіндірді. Айта кетейік, оқу орнында 9 мамандық және 14 біліктілік бойынша оқыту жүргізілуде. Қазіргі уақытта білім алушылар контингенті 1200 адамды құрайды.
“Біздің колледж – инновациялармен дәстүр ұштасқан орын. Соңғы техникамен жабдықталған заманауи аудиториялар, жайлы зертханалар мен шығармашылық шеберханалар – осының бәрі біздің студенттерге оқу үдерісіне тереңірек енуге және өз дағдыларын дамытуға көмектеседі. Біз заманауи мамандықтардың қажеттіліктеріне бейімделген әртүрлі оқу бағдарламаларын ұсынамыз. Студенттерге болашақ мансаптық қиындықтарға дайын болуға көмектесетін практикалық сабақтар мен нақты жобаларға ерекше назар аударылады. Біз мұнда әркім өз мүмкіндіктерін көрсетіп, оқытушылар мен топтастарының тарапынан қолдау сезінетін орын табатынына сенімдіміз”, – делінде ЖҚЭК.
Басқа оқу орындарынан ауысқысы келетін студенттердің арасында СҚУ колледжінен келген балалар да болды. Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінде атап өткендей, бұл мекемеге “Есеп және аудит”, “Құқықтану”, “Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету” мамандықтары бойынша 15 студент көшті.
Естеріңізге сала кетейік, шілде айының ортасында балалары ақылы негізде СҚУ колледжінде білім алатын студенттердің ата-аналары кураторлардан оқу орнының жабылатынын білді. Жеке оқу орнының иесі оны тиімсіз болғандықтан жабуды көздеді. Келесі күні СҚО білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова ата-аналармен кездесіп, жағдай оның жеке бақылауында екенін атап өтті. Бір аптадан кейін колледждің құрылтайшысымен 2024-2025 жылдарға арналған оқу жылында оқу орнының мәртебесін сақтау туралы келіссөздер жүргізілгені белгілі болды. Алдағы оқу жылы кезінде облыстың мемлекеттік және жекеменшік колледждері кадрлар даярлау үшін бірқатар мамандықтарды даярлауға рұқсат құжаттарын — лицензияларды алу рәсімдерін өткізетін болады. Болашақта СҚУ колледжінің студенттері басқа мемлекеттік колледждерде өз мамандықтары бойынша оқуын жалғастырады.