Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда суретшілердің ІІ халықаралық симпозиумы өтуде

Петропавлда суретшілердің ІІ халықаралық симпозиумы өтуде

Солтүстік Қазақстан облысында «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» атты ІІ Халықаралық суретшілер симпозиумы өтуде, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Солтүстік Қазақстанның тарихымен танысып, сұлулығына тамсану үшін суретшілердің халықаралық симпозиумына әлемнің түкпір-түкпірінен 20-дан астам адам келді: Франция, Румыния, Өзбекстан, Қырғызстан, Канада, Бельгия. Басты мақсат – ұлттық бірегейлікті нығайту, «Ботай қонысы» археологиялық ескерткішін танымал ету, Солтүстік Қазақстан облысында мәдени туризмді дамыту, жастар арасында шығармашылық және еңбек мәдениетін насихаттау.

Симпозиум аясында облыс қонақтары «Ботай» республикалық мемлекеттік мұражай-қорығының аумағында және Айыртау ауданындағы Шалқар-Имантау курорттық аймағында өтетін түрлі экскурсияларға, жастарға арналған шеберлік сабақтарына және пленэрға қатысады.

Симпозиум қорытындысы бойынша суретшілердің шығармашылық жұмыстарының тұсаукесері бар каталог шығарылады. Картиналар аукционға қойылады, оның қаражаты балалар үйінің тәрбиеленушілерін дамытуға жұмсалады.

Ал «Союз ЖАСА» қоры жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өнер қайраткерлерінің жұмыс орындарына апарады, олардың шығармашылығымен таныстыру ұйымдастырады. Осы бастама – Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Өскелең ұрпақты мәдени мұраларымызды танып-білуге, қорғауға дағдыландыру керек» деген сөзіне тікелей жауап.

 

 

Shares