Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлда «Жақсылық гүл шоғы» акциясы өтті

Петропавлда “Жақсылық гүл шоғы” акциясы өтті

Облыс орталығының тұрғындарын келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен “Солнечный дом” қоғамдық қорының балалары құттықтады, деп хабарлайды QZ Мedia тілшісі.

Олар облыстық және Петропавл қаласының жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге, “Жақсылық гүл шоғы” акциясын өткізді.

“Бүгін бізді жастар орталығынан 8 Наурызға ашықхаттар жасауға және өтіп бара жатқан адамдарды қуантуға шақырды. Бұл біздің алғашқы ынтымақтастық тәжірибеміз емес. Біз осындай әлеуметтік бастамаға қатысуға шақырылғанымызға өте қуаныштымыз және ризамыз. Барлығы 8 Наурыз қарсаңында жағымды эмоциялар алады деп үміттенеміз”, – деді “Солнечный дом” қоғамдық қорының құрылтайшысы Татьяна Делль.

Акцияға 20 бала мен олардың ата-аналары қатысты. Белсенділер ұл-қыздар үшін мастер-класс өткізді, мұнда балалар ашықхаттар, сондай-ақ қағаз гүл шоқтарын жасады. Мереке алдында халықты қуанту үшін жұмыстар Петропавл тұрғындарына таратылды.

Shares