Петропавлда жедел жәрдем ғимаратын салуға 5 млрд теңге бөлінбек
Бірнеше жыл қатарынан жедел медициналық жәрдемге жаңа ғимарат беру мәселесі талқыланып келеді. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің қала әкімінің халық алдындағы есебінде атап өткеніндей, барлық стандарттарға сай заманауи нысан салу жоспарда бар, деп хабарлайды QZ News.
Жаңа ғимараттың салынуы жедел жәрдем қызметінің науқасқа жету уақытын қысқартып, медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді деп күтілуде. Сондай-ақ, жедел жәрдем бригадаларының жүктемесі азаяды. Жаңа ғимарат салу арқылы кеңсе және гараж аумағының жетіспеушілігі мәселесі шешілмек. Жобаға республикалық бюджеттен 5 млрд теңге инвестиция бөлу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, медициналық мекемелерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа жабдықтар сатып алу жалғасады.