Петропавловск
+21°C
Главная страница » Жаңалықтар » Петропавлдағы әйелдер колониясында сотталғандар жазасын қалай өтейді

Петропавлдағы әйелдер колониясында сотталғандар жазасын қалай өтейді

Журналистерге облыс орталығындағы әйелдер колониясы – №50 мекемеде сотталғандар жазасын қалай өтейтіндігі айтылды. Онда 200-ден астам әйел орташа және ауыр деңгейдегі қасақана қылмыс жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды QZ Media тілшісі.

Арнайы форма, көйлек, жұмсақ ойыншықтар мен су өткізбейтін киім тігу, бақша жұмысы және тротуар плиткаларын өндіру. Алдымен мекеме басшысы Қанат Сүлейменов сотталғандардың жалпы санының 95 пайыздан астамы жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Әйелдер колониясы қабырғасында 8 жеке кәсіпкер пен жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз қызметін жүзеге асыруда. Барлық сотталғандардың тігінші, бағбан, сәнгер, плиткашы, шаштараз мамандықтары бойынша орта және орта арнаулы білім алуға мүмкіндіктері бар. Журналистер мекеменің акт залына да барды. Онда БАҚ өкілдері сотталғандар шығарған дайын өнімдермен және асханамен жан-жақты танысты.

«Сотталғандар үш мезгіл тамақтанады. Барлық тағамдар санитарлық нормаларды сақтай отырып, бекітілген мәзір бойынша дайындалады. Тағамдар барлық қажетті қоректік заттарды қамтиды. Әр тамақтандыру алдында міндетті түрде мекеме басшысының кезекші көмекшісі асты тексереді», – деді асхана меңгерушісі Татьяна Шаматовна.

Колония қызметіндегі ең маңызды бағыт – сотталғандармен тәрбие жұмысы. Апта сайын мекеме қызметкерлері мәдени-рухани тәрбиелеуге бағытталған түрлі іс-шаралар өткізеді. Әйелдер аптасына бірнеше рет әдеби және дебаттық шараларға қатысады. Сондай-ақ сотталғандар кітапханала кітап оқып, актерлік шеберлік үйірмесіне бара алатындығын атап өтті мекеме бастығының орынбасары Қайрат Айсақов.

Shares